Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германиядан адамзат тарихын өзгертуі мүмкін артефакт табылды

Ғалымдардың айтуынша, табылған артефактілер осыдан 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамға тиесілі.

Бұл туралы morseg.livejournal.com хабарлайды.

Археолог мамандар Германиядағы Рейн өзенінің маңынан ежелгі адамның тісін тапты. Ғалымдардың айтуынша, бұл тістер осыдан 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі. Бұл жаңалық адамдар эволюциясына деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Алдын ала мәліметтерге сенсек, тістер афарлық австралопитекке тиесілі. Қазіргі таңға дейін әлгі адамның денесінің өзге бөліктері табылмаған. Десе де, іздеу жұмыстары тек Еуропа көлемінде жүргізілген екен. Археолог Гербер Лутц бұл тістердің өткен жылы табылғанын айтады. Оның жасын анықтай алмағандықтан, халықты шулатпауды жөн көрген екен.

Осы уақытқа дейін ең ежелгі адамның 5 миллион жыл бұрын пайда болғаны белгілі еді. Ол австралопитек Люси болатын. Оның сүйектері Эфиопия маңынан табылған. Бірақ, жаңа мәліметтер адамдардың бұдан ертерек пайда болғанына дәлел болып отыр. Әлі күнге дейін тіс зерттеліп жатқандықтан, толық ақпарат алдағы уақытта белгілі болады. Десе де, ғалымдар әбден қателесулері де мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Таңғажайып оқиға: Келіншек тоғыз ай ішінде екі рет жүкті болған

50 жастағы ананың ұлдарымен түскен суреті жұртты шулатты (фото)

Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)

Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады

Талқылау