Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)

Жексенбі, 22 Қазан , 2017 22:18

Екі айлық Шарлотта есту аппаратының көмегімен алғаш рет анасының даусын естіді. Бұл сәтті ата-анасы  видеоға түсіріп алған. Нәрестенің қылығы әлемдегі барлық желі қолданушыларының көзіне жас келтірді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нәрестенің анасы GoodHousekeeping.com  басылымына берген сұхбатында видеожазбаны көпшілікке жариялағысы келмегенін айтады. Алайда туыстары видеожазбаны достарымен бөлісу үшін, желідегі шектелген мүмкіндігін алып тастауды өтінген.

«Мұнан қандай зиян келуі мүмкін деп ойладым. Видеожазбаны барлық қолданушы көре алатындай етіп өзгерттім», – дейді Кристи.

Бір апта ішінде видеожазбаны Facebook әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам адам көрген. Сонымен қатар шамамен 277 мың адам өз достарымен бөліскен.

Шарлоттаның анасы мұндай танымалдыққа ие болатынын күтпегенін мойындады. Айтуынша, Шарлотта туыстарының, әсіресе, 2 жасар әпкесінің даусын сүйсіне тыңдайды екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады

Америкалық мейрамханада «елесті» видеоға түсіріп алған (видео)

Ай бетінде ғарыш базасын салуға қолайлы үңгір табылды

Үй-күйсіз қаңғыбастардың өзі кимейтін шалбар сәнге айналмақ (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар