Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аралары 60 жас: Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қос ғашық

Қос ғашық махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеп келеді. Себебі, 31 жастағы Кайл Джонс 91 жастағы Марджори Маккулмен көңіл жарастырып жүр.

Бұл туралы Elite Readers басылымы жазды.

Сенбейсіздер ме? Олай болса, төмендегі суреттерге зер салыңыз. Соңғы кездері бұл жұп туралы БАҚ жиі жазып жүр. Соңғы сұхбаттарының бірінде Марджори интимді өмірі туралы ұялмай айтып берді.

“Қымбаттым, мен оның иығына аяғымды салып отырамын. Мен қалжыңдап отырған жоқпын. Оның маған деген махаббатына тәнтімін”, – дейді Марджори интимді өмірі туралы сұраққа.

Кайл да еш ұялмастан жеке өмірлері туралы қызықты мәліметтерін бөлісті.

“Біз тән жақындығын ұнатамыз. Уақыт өте келе телефон арқылы тілдесіп тұрамыз. Бірақ, бұл төсек қатынасымен теңесе алмайды. Арасында қалаға барып қыдырып қайтамыз. Негізінен күніміз жатын бөлмесінде өтеді. Көп әйелді ұялтатын нәрсе керісінше мені қызықтырады. Мен әжімдерді ұнатамын. Әдетте әйел қауымы салбырап қалған омырауынан ұялады. Меніңше, олар өте әдемі көрінеді. Оның үстіне өзім пластикалық хирургияны мүлдем ұнатпаймын”, – дейді ол.

Айтуынша, ол Марджоридің ақшасына қызығып жүрген жоқ. Қос ғашық алғаш рет 2009 жылы кітап дүкенінде танысқан екен. 37 жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен Марджори кездесуге келуге келіскен. Көпшілік Кайл Марджоридің байлығына қызығып жүр деп ойлайды екен. Ал қарияның айтуынша, оның еш жинаған ақшасы жоқ.

“Мені жұрт айыптап жүр. Адамдар мені байлыққа бола көңіл қосып жүр деп ойлайды. Негізі олар қатты қателеседі”, – дейді Кайл.

Марджориден бөлек, Кайлдың көңіл жарастырып жүрген 5 кәрі көңілдесі бар екен. Қария мұның көңіліне қаяу түсіретінін жасырмайды.

“Бастапқыда мен оны басқалардан қызғанатынмын. Бірақ, ол менің бәрінен де жақсы екенімді айтып, өзіме оралып отырады. Жатын бөлмеде барлығы ойдағыдай өтеді. Мен оған да, өзіме де таңқаламын. Бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Мен жігіттерді еліктіретін іш киім киемін. Омырауым тым салбырап кеткендіктен, төстартқышты мүлдем шешпеуге тырысамын”, – дейді қария.


Жіберіп алмаңыз:

49 жастағы «әже» Инстаграмдағы ең сексуалды әйел атанды (фото)

Психолог: Ер адамды құлай сүю – қателік

Ер адам сүйіктісінің соңғы күндерін “жұмаққа” айналдырғанына қуанып жүр

10 жылдан кейін байдың қызы кедей жігіттің бетін қайтарғанына өкінді. Себебі…

Талқылау