Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

49 жастағы «әже» Инстаграмдағы ең сексуалды әйел атанды (фото)

Instagram желісінің қолданушылары 49 жастағы италиялық Жаклин Берридо Пизаноны ең сексуалды әйел деп атады. Олармен келіспеу мүмкін емес. Себебі 50 жасқа аяқ басқан әйел 25 жастағы сылқымдардың өзін шаң қаптырып кетеді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жаклин желіге былтыр ғана тіркелген. Осы уақыт аралығында оның парақшасына 360 мың адам жазылған.

Жаклин өзін қарапайым әйел ретінде сезінетінін айтады. Қазіргі уақытта сұлу әйел екі бірдей немересін бағып отыр. Әже атануы Жаклиннің сәнді киінуіне кедергі емес. Жаклин әлемге танымал брендтерден киінеді.

Нағыз италиялық әйел сәнді киінгенді ұнатады. Желіге жүктеген әр суретінде Жаклин танымал брендтердің киімін киіп түскен. Дәл осы сән әлеміне деген қызығушылық оның желідегі парақшасын танымал еткен ұқсайды.

Мамандығы бойынша, Жаклин – филолог. Бес тілді еркін меңгерген ол тендер ұйымдастырумен айналысатын компанияның иесі болып табылады.

Суреттеріне қарап, Жаклиннің жасы 25-те деп баға беруге болады. Ал Пизаноның өзі жасқа мән бермеу керектігін айтады. Айтуынша, сұлу болу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу жеткілікті.

Жіберіп алмаңыз:

Психолог: Ер адамды құлай сүю – қателік

Ер адам сүйіктісінің соңғы күндерін “жұмаққа” айналдырғанына қуанып жүр

10 жылдан кейін байдың қызы кедей жігіттің бетін қайтарғанына өкінді. Себебі…

Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады

 

Талқылау