Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог: Ер адамды құлай сүю – қателік

Танымал психолог маман Лилия Ахремчик қыз-келіншектерге жігіттерді құлай сүюге болмайтынын айтып жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Ер адамды шексіз сүю мүмкін емес. Осының салдарынан ол шынайы өмірдің не екенін ұмытып кетуі мүмкін. Ер адамның миы әр нәрсенің себебін түсініп отыруға бағытталған. Шексіз махаббат тек аналарға тиесілі. Сол себепті, ерін шексіз сүйген әйел оның анасына айналады. Мұндайда сексуалдылық пен шабыт жоғалады. Анадан көп нәрсе аламыз, бірақ сирек қайтарамыз.

“Олардың барлығы да жақсы. Бірақ, менің бар қателіктерімді кешіре беруге болмайды ғой! Бұл әйелге тән емес. Раушан гүлінің құдіреті хош иісті бола тұра, тікенінің қолға бататынында”, – дейді өзіне бірнеше әйелді ғашық еткен ер адам.

Кез келген адам өзін осы қалпында жақсы көргенін қалайды. Бірақ, бұл шабыт сыйламайды. Махаббатта сыйластық деген нәрсе бар. Осы сыйластыққа ие болу үшін еңбектену қажет. Өзіңнің қаншалықты бағалы екеніңді ескеріп, дамып, мақсаттарыңа жетіп, сүйіктің үшін көп нәрсе жасауың керек. Энергия анадан балаға ғана бір бағытта жылжиды. Бұл орынды нәрсе. Ал ер адам мен әйел адам арасында баланс болған жөн. Сыйластық сол тепе-теңдікті ретке келтіріп отырады”, – дейді Лилия Ахремчик.


Жіберіп алмаңыз:

Ер адам сүйіктісінің соңғы күндерін “жұмаққа” айналдырғанына қуанып жүр

Англияда екі мұрыны бар ит пайда болды

Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады

26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады

Талқылау