Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АParking компаниясының Алматы әкіміне қатысы бары туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды

Полиция қызметкерлері тұрақтарға қатысты плакаттар басып шығарып, жариялап жүрген адамдарды ұстады. Олар Алматы қаласының әкімі мен оның туыстарының А-паркинг компаниясына қатысы жайлы жалған мағлұматтар жазған, деп жазады Stan.kz.

Алматы полициясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының Бостандық, Медеу және Алмалы аудандарында төлем құралдарына жалған мазмұнды плакаттар ілінген. Ұсталғандардың ісі тексеріліп жатыр.

Тәртіп сақшылары 38, 28 және 24 жастағы үш адамды ұстады. Жауап алу барысында ұсталғандар дұрыс емес деректер жариялағанын мойындады.

Олар қазақстандық блогер Денис Кривошевтің ақылы тұраққа қатысты жазған жазбасынан мәлімет алғанын айтты.  Полиция сондай-ақ, әрбір күдіктінің заңсыз әрекет жасаған видеосы бар екенін айтты. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және паркингтерде А-Паркинг компаниясының Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен оның туыстарының қатысы бары айтылған.

Алайда, бұл ақпарат қалалық әкімдікте мүлдем жоққа шығарылды. Сондай-ақ жазған адамдарды іздестіру және анықтау үшін полицияға арыз берілген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау