Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аңыздың ақиқаты: Араб Әмірлігіндегі отбасы, махаббат, үйлену тойы жайлы бар шындық

Араб шейхтарының байлығы мен сол байлықтың арқасындағы шалқыған өмірі жайлы естімеген жан жоқ шығар.

той6

Бұл туралы vmirechudes.com сайты жазды.

Ал сіз білесіз бе, олардың ең үлкен байлығы-отбасы екенін? Араб әйелі отбасының шырағын сөндірмей ұстайтын негізгі тұлға, әрі отбасын сақтауда, балаларын көбейтуде сіңірген еңбегі үшін оны айналасындағылар қатты құрметтейді. Араб әйелі дүниеге көп бала әкелгеніне қарай бақытты болып есептеледі. Біріккен Араб Әмірлігіндегі қарапайым бір отбасының өмірін назарларыңызға ұсынамыз.

Танысу туралы шындық

Жігіт ұсыныс жасаған қыз өз қалауымен одан бас тарта алады. Дегенмен қалыңдықты таңдау, оған құда түсу, үйлену туралы соңғы шешімді жігіттің отбасы шешеді.

той2

Араб қыздары еуропалықтарға, діні бөлек ұлт өкіліне тұрмысқа шығабермейді. Шыққан жағдайда өз еліне қайта кіруіне заңмен шектеу қойылады. Егер араб жігіті өзге ұлт өкіліне, діні бөлек қызға үйленер болса, ол отбасы тек соның қолында болады. Мұндай кезде шетелдік келін БАӘ азаматтығын ала алмайды. Ажырасқан жағдайда балалары әкесімен қалады.

Той шындығы

Неке келісімі-араб тойының сәні әрі негізгі жоралғысы. Келінмен бірге неке келісіміне оның екі туысы қол қояды.

той

Осы келісім жасалғаннан кейін жастардың тойы бір жылдың ішінде өткізілуі керек. Тойға дейін күйеу жігіт қалыңдығымен тек туыстарының қатысуымен кездесе алады. Қалыңмал құны жүз мыңдаған доллардан асып жығылады.

Араб тойының салтанаты өзге елдің жиынынан ерекше. Онда қонақтардың талғамына қарай ас мәзірі де алуан түрлі.

Сағат сайын алдыңызға қойылған ас жаңартылып тұрады. Бұл әрине күйеу жігіт отбасының қонақжайлылығы мен байлығын көрсететін сәт. Ислам діні спиртті ішімдікке тыйым салғандықтан, дастархандағы ең ащы сусын кофе болады. Той жеті күн бойы жалғасады.

Отбасындағы тәртіп жайлы шындық

Араб әйелі отбасында күйеуінен кейінгі адам. Ол үнемі күйеуін тыңдауға міндетті. Бірақ маңызды шешімдер қабылдайтын кезде ақыл қосуына, өз ойын жеткізуге құқылы.

БАӘ тұрмыстағы әйелдер қамаудағыдай өмір сүреді дегенге сенбеңіз. Заң бойынша тұрмыстағы әйел қысқа, ашық-шашық киімдерді кие алады. Араб әйелдері өте сәнге әуес, киім, мата алу үшін күні бойы дүкен аралауға да барады. Бірақ, үйден шығар кезде жібектен тігілген қара жамылғыны жауып, беттерін қара тормен бүркеп алады. Өзге адамдар бұл әйелдердің саусағын, көзін, аяғының башпайларын ғана көре алады. Қалған сұлулықтың барлығы-күйеуіне.

Соңғы жылдары араб әйелдері қара жібек жамылғыны джинсый мен өзге де түрлі киімдерге ауыстырған. Тек бастағы орамал мен кең әрі жабық киім болса болғаны.

Араб әйелдері түрлі университеттерде жоғары білім алады. Олар әлемнің ең мықты оқу орындарында оқиды. Бірақ білімін тек бала тәрбиесіне жұмсайды. Себебі араб әйелінің жұмыс істеуіне көп жағдайда күйеуі тыйым салады, кейде келіншектердің өздері бас тартады. Өйткені олар бір баланы аяққа тұрғызғаннан кейін екіншісін жоспарлайды.

Еуропа елдерінде білім алған қыздар жұмыс істеу үшін сол елде қалып қойып жатады екен. Олар БАӘ тұратын халыққа қарағанда ырым-тыйымдарды айтарлықтай ұстанбайтын көрінеді.

Ажырасу жайлы шындық

Дінге сай араб ер азаматы әйеліне кез-келген уақытта үш мәрте “Талақ” сөзін айта алады. Осы сөзді алысымен әйел үстіндегі киімімен күйеуінің үйінен шығып кетуі керек. Сондықтан араб әйелдері өзіндегі бар алтынды тағынып жүреді екен.

той4

Ерлер әйелдеріне гүлдің орнына бағалы тастармен көмкерілген алтын бұйымдарды сыйлайды екен. Сыйлықтың бағасына қарай күйеуінің махаббатын өлшеуге болады. Арабтарда алтынсыз әйел-жалаңаш деген түсінік бар.

Әйелдер тек екі жағдайда ғана ажырасуға ниет білдіруге құқылы.

Ол- күйеуі опасыздық жасаса. Бірақ, бұл елде көп әйел алуға заңмен рұқсат етілген. Сондықтан күйеуі әйелін алдау жағдайы көп бола қоймайды. Одан қалса өз күйеуін масқаралаған әйелді басқа адам әйелдікке алмауы мүмкін. Сондықтан әйелдер мұндай жағдайды көрсе де ажырасуға бармайды екен.

той3

Екінші жағдай-күйеуі әйеліне алтын сыйламаса, мейрамханаға шақырмаса, үй салып бермесе. Сот мұндай кезде істі май шаммен қарап, әйелдің құқығын қорғайды екен.

Көп әйел алудың шындығы

Мұсылманда төрт әйел алуға рұқсат бар. Дегенмен соңғы кездері араб жігіттері төрт әйелді бірдей алабермейді. Себебі олардың барлығына ортақ күйеуі бірдей жағдай жасауға міндетті. Сондықтан ең бай адамдар ғана төрт әйел алады. Кей жігіттер көңілдес ретінде қарым-қатынастарын заңдастырмай жүребереді.

той5

Араб жігіті көп әйел алатын болса олардың барлығына бірдей жағдай жасауға міндетті. Әйелдердің барлығына бірдей зәулім үй, ай сайынғы бірдей сыйлық пен бірдей қаражат бөліп отыруы керек.

Әр әйелге баратын уақыты алдын ала үлкен отбасында талқыланып, келісіледі. Жас әйеліне жаңа үй алуы керек. Ол өзгелердің үйінен арзан немесе қымбат болмауы керек. Отбасында, балаларда бір жағдай борлса, оның барлығын күйеуі шешуге міндетті.

Көріп тұрғанымыздай араб отбасында отбасылық бірін-бірі қолдау мен өмір сүру әдебі өзге елдерден мықтырақ. Егер әйел жесір қалса оған күйеуінің туысы үйленеді. Балаларын бағып, өзін жалғызсыратпауға міндетті.

Осындай тәртіпке бағынып үйренген араб қыздары осындай  баршылықта өмір сүреді. Олардың басты мәселесі әдемі жүру, көп баланы өмірге әкелу.

Араб ұлтының өкілімен некелесу жайлы не ойлайсыз?

Оқи отырыңыз:

Шымкенттік келін “сауатсыз” енелерден жас аналардың мазасын алмауды сұрады

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовпен байланысты өміріндегі қызық оқиғаларын айтып берді

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Асанәлі Әшімов 80 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото)

Талқылау