Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Зируза өзін «жоғалып кетті» деп іздеу салғандарға жауап берді

Әнші Зируза бұған дейін әлеуметтік желіде белсенді болғанымен, соңғы бір айдың көлемінде ешқандай жазба қалдырмаған. Бұл жайтқа бей-жей қарай алмаған тыңдармандары әншінің қайда жоғалып кеткенін сұрап, алаңдаушылық танытқан.

Зируза

Бұл туралы HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз кезегінде Зируза өзінде бәрі дұрыс екенін айтып, тыңдармандарын тыныштандырды. Айтуынша, ол жаңа жобаның жұмыстарынан босай алмай жүрген көрінеді.

«Білесіздер ме, біз қазір тыңдармандарымызға арнап жаңа ән жазып, жаңа бейнебаян түсіргелі жатырмыз. Үлкен жұмыс жүргізілуде. Сондықтан желіге қарауға уақыт жоқ», – дейді әнші.

Сондай-ақ, әнші, тіпті демалуаға да уақыт таппай жүргенін жасырмады.

«Біз өте көп жұмыс жасаудамыз. Ал демалуға әлі де үлгереміз», – дейді Зируза.

Айта кетсек, әншінің келесі айда таспалауда жоспарлап отырған бейнебаяны қыркүйек айының соңында жарық көрмек.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау