Анасы қан құйғызуға қарсылық танытқан 4 жасар қыз көз жұмды

Жұма, 21 Шілде , 2017 15:44

2017 жылы 16 шілдеде Қостанайда төрт жасар қыздың қайтыс болғаны хабарланды. Көктемде оның бауырында қатерлік ісік бар деген диагноз қойылған. Қыздың анасы Иегова куәгерлері діни ұйымына мүше болуы себепті, қызына қан құйғызудан бас тартып, бұл жағдай қоғамдық дау тудырған болатын.

575daa3f9aba2-640x435

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Діндерді зерттеу орталығы ассоциациясы өкілдерінің айтуынша, қыздың өлімінің жай-жапсары туралы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары да, қыздың әкесі де білмейді. Белгілісі анасы қызды Үндістанға алып кетіп, қыз сол елде көз жұмған.

Қызға кремация жасалып, ал оның күлі өткен дүйсенбіде Қостанайға әкелініпті. Ал әкесі болса бұрынғы әйелінің алдап кеткенін айтады. Ол Үндістандағы дәрігерлермен келістім деген.

Жергілікті дәрігерлер мамыр айында қызды операцияға дайындап, дәрігерлер консилиумын құрған екен. Бірақ, операция болатын түні анасы ешкімге айтпастан клиникадан кетіп қалған. Ал қыздың ісігі сәт санап ұлғая беріпті.

“Қыздың әкесі қызының өлімі туралы хабарламаған, тіпті жерлеу рәсіміне де шақырмаған және оның жағдайы тым нашарлап кеткеніне қарамастан немқұрайлы қараған бұрынғы әйелін сотқа бермек. Айтуынша, әйел өзінің діни сеніміне байланысты қызына қан құйғызуға қарсы болған. Ал операция қан ауыстырусыз өткізілмейтін еді”, – деп хабарлады ассоциация.

Еске салсақ, қыз Астанада да ем қабылдап, анасы діни себептерге байланысты қызының организміне басқа қан құйғызуға қарсы шыққан еді.

Оқи отырыңыз:

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Астанада 7 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

Астанада қымбат көлікті ұрлап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар