Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада анасы дәрігерлерге қатерлі ісікпен ауыратын қызына қан құйғызбай қойды

“Свидетели Иеговы” ұйымының мүшесі бауыр қатерлі ісігіне шалдыққан төрт жасар қызына қан құйғызбай қойды.

03238ec56a49ebeb601c56380094cb6a__1440x

 

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Астанадағы ана мен бала орталығында ем алып жатқан қыздың емдеуші дәрігері Арман Әбеновтың айтуынша, науқас онкология бөліміне биыл қаңтар айында түскен. Баланың өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, анасы қызына қан құйылуы тиіс процедурадан бас тартыпты. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, анасы бұл шешімді ойланып барып қабылдаған, бас тартуының себебі “Свидетили Иеговы” ұстанушысы екендігі болып шыққан. Әйел адам емдеудің басқа да жолдары бар екенін айтып, қан құйғызуға келіспей қойған.

“Ондай әдістер бұл жағдайға сәйкес келмейді. Жауапкершіліктің де бар екенін айтып түсіндірдік. Ақпан айының соңында әкесінен рұқсат алып, қызға қан құйдық”, — дейді дәрігер. Қазір қыздың хәлі қалыпты, мамандар оны химиялық терапияға дайындап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысында әкім өзін ұрған ер адамды кешірді

Ақмола облысында ер адам өлер алдында хат жазып қалдырып кеткен

ОҚО студенті “Мукалтин” дәрісінің жаңа түрін ойлап тапқаны үшін 1 миллион теңгеге ие болды

Талқылау