Павлодар облысында әкім өзін ұрған ер адамды кешірді
Павлодар облысында ауыл әкімі өзін ұрып жіберген ер адамды кешірді деп хабарлайды Шербақты аудандық сотының баспасөз қызметі.

Шарбақты ауылының тұрғыны 15 ақпанда Шербақты ауданы Галкино ауылында жүргіуші мен әкім отырған тракторға барады. Шопырмен әңгімелесіп тұрып, ол өзінің наразылғын білдірген. Әкімнің ескерткеніне қарамастан, сотталушы оны бетінен жұдырықпен бір қойыпты. “Сот жәбірленушінің бітімге келуі нәтижесінде қылмыстық істі тоқтатты”, — делінген хабарламада. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды