Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Тараздық жасөспірімнің өліміне қатысты істе қалалық электр желілері мекемесі сүттен ақ, судан таза болып шықты. 8-ші сынып оқушысын тоқ ұрып өлтіруіне орай тексеру жүргізген мамандар оқиғаның себебін не оған кінәліні анықтай алмады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

02-1

Бекзат Үмбетәлиев құбырда ойнап жүрген қызды құтқарамын деп тоққа түскен еді. Бала өлімінен соң, арнайы комиссия құрылып, қайғылы жағдайдың жай-жапсары тексерілген. Содан оқыс жағдай болған жердегі құбыр ішіндегі екі электр желісінің біреуінде ақау болғаны анықталыпты. Алайда мамандар, бүлінген тоқ сымы, кісі өлімі тіркелген жерден 100 метр қашықтықта жатқандықтан, оқыс оқиғаға сол сымның себеп болуы мүмкін емес деген ұйғарымға келген.

“Жаңағы құбыр деп отыр, құбырдың қондырғысы жерге қондырылған. Одан мен ештеме айта алмаймын. Құбырдан басқа жақтан, сол күні жел болды, мүмкін басқа жақтан суға кабель түсті ма? Сым түсті ме, мұндай жағдайды бірінші рет зерттеп жатырмыз”, – дейді «Таразэнергоэксперт» ЖШС-нің директоры Әжіхан Орынбеков.

Ал одан басқа өлімге себеп боларлық ештеңе табылмады. Дегенмен дерекке қатысты қозғалған іс бойынша әлі күнге тергеу амалдары жүруде. Бір жарым ай бұрын болған қайғылы оқиғаға қатысты әзірге нақты күдікті жоқ.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 29-шы мамыр күні болған еді. Канал үстіндегі темір құбырда ойнап жүрген оқушы қыз суға құлап кетеді. Сыныптасын құтқарамын деп артынан секірген 8-сынып оқушысын, сол жерде тоқ ұрып ажал құштырған еді. Марқұм Бекзат Үмбеталиевтің жақындары оның қазасына электр желілері мекемесін айыптаған. Айтуларынша, кісі өліміне су ішінде тоқ сымын ашық қалдырған солар кінәлі екен.


Жіберіп алмаңыз:

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Астанада 7 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

Астанада қымбат көлікті ұрлап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады

Шымкентте банктен 300 мың теңге алған әйелдің ақшасын тартып алып кетті

Талқылау