Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы балалы болғысы келген бедеу қызына өз жатырын берді

Туа сала бедеулікке шалдыққан 29 жастағы Гуандун провинциясының тұрғынына анасының жатыры салынды. Жатырды трансплантациялау 2017 жылдың 23 желтоқсанында Қытайдың Сиань қаласында жасалды.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Анасы мен қызына жасалған ота 15 сағатқа созылып, онда 20 хирург қызмет көрсеткен. Ал, жатыр ауыстыруда медициналық робот қолданылды.

Айта кетейік, жатырды трансплантациялау алғаш рет 2015 жылы Қытайдың Сиань қаласында жасалып, ота сәтті өткен болатын. Бұны естіген 29 жастағы әйел дәрігерлерге жүгініп, балалы болғысы келгенін айтқан. Оған өз анасы донор болды.

«Жатырды трансплантациялауға жасалған ота сәтті өтіп, науқас тез сауығуда. Балалы болғысы келген әйелге туған анасының жатыры салынды. Науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін, жасанды ұрықтандыруға жіберіледі»,-дейді дәрігерлер.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамхана қонақтары баяу қызмет көрсеткен даяршыны сабап тастады

Бірге диета ұстаған ерлі-зайыптылар ажырасып тынды

Жұмыссыз ер адам ұялшақтығының кесірінен түрмеге түсті

Метро пойызының астына түскен жігіт құтқарушыларға билеп берді (видео)

Талқылау