Америкалық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақ дәрежесіндегі америкалық боксшы Джермалл Чарло әйгілі боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Келесі жолы кіммен айқасқа түскім келетінін білгілеріңіз келе ме? Мен Головкинмен және үлкен «Канеломен» жекпе-жекке шыққым келеді. Үлкен төбелес көрсетіп, оны өз қаламда өткізсем деймін», – дейді Джермалл Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында.
Айта кетсек, Джермалл Чарло 3 наурызда WBC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өзінің отандасы Уго Сентеномен айқасатын болады.
Оқи отырыңыз:
Әйгілі футболшы Месси Астанада өтетін жолдастық кездесуге келуі мүмкін
Олимпиада-2018 ашылу салтанатында Қазақстанның туын “Алтын адам” алып жүрді
60 жастағы ер адам Ақтау тұрғындарын спорттық шайқасқа шақырды (видео)
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы: Илья Ильин спорт алаңына қайта оралады
Талқылау

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
Осы шудан соң Айгүл Орынбек Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылғаны хабарланды

Ата-аналар жекеменшік мектептердегі оқу ақысының қымбаттауына наразы: Биыл білім алу құны қаншаға өсті?
Haileybury Astana-да 10-13 сынып оқушысына бір жылда 18,1 миллион теңге кетеді