Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы: Илья Ильин спорт алаңына қайта оралады

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин жақында туындаған бірқатар мәселелерді түсіндірді. Ол Илья Ильиннің алаңға қайтып оралатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz-ке берген сұхбатында хабарлады.

Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин Илья Ильиннің спорт алаңына қайтып орала алатыны туралы мәлімдеме жасады. Ол «Ильиннің дисквалификациялау мерзімі 2016 жылдың 10 маусымынан 2018 жылдың 10 маусымына дейін екі жылға созылады. Сонымен қатар, қазақстандық федерация  2018 жылдың 19 қазанына дейін халықаралық турнирлерге қатыспайды.  Илья, басқа қазақстандық ауыр атлеттер сияқты, халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қамқорлығымен халықаралық жарыстарға қатыса алады. Сондай-ақ, Ильяның дисквалификациялау уақыты 10 маусымда аяқталады. Осыдан кейін спортшы жаттығу іс-шараларын, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жарыстарға қатысуға толықтай  құқылы»,-деді.

Естеріңізге сала кетейік, Ильин 2008 және 2012 олимпиада ойындарының алтын алқасынан айырылды. IWF тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, ол екі жылға спорт алаңынан алыстатылды. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық құрамасы  IWF аясында өтетін жарыстарға қатысудан бір жыл мерзімге шектетілді. Оның уақыты ағымдағы жылдың 19 қазанында аяқталады.

Жіберіп алмаңыз:

Бахтияр Артаев «Astana Arlans»» бокс клубының директоры болып тағайындалды 

Боксшы Василий Левит олимпиада алтынын иеленуі мүмкін 

Евро-2018: Футзалдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ресейдің азаматтығын алғысы келді 

 

Талқылау