Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалықтар Димаштың «Сәлем» әніне фан-клип түсірді (видео)

Димаштың америкалық фанаттары әншінің«Сәлем» әніне ролик түсірді.

20170624202315

Ролик ғаламторда жарияланды. Austin Ma есімді YouTube-пайдаланушысы жүктеген видеоны Facebook-тегі өз парақшасында әншінің әкесі Қанат Айтбаев бөлісті.

«Димаштың «Бастау» атты концертіне даярланған «Сəлем!» əні. Музыкасы – Димаш Құдайберген, сөзі – Қанат Айтбаев. Америкалық жанкүйерлердің жасаған ролигі», – деп жазды ол. Бейне-ролик АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати қаласында түсірілген. Бір топ жастар «Сәлем» композициясының әуеніне билеп, көңіл көтереді, көлікпен серуендейді. Түсірілім барысында #Dimash USA хэштегі жарнамаланады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің «Бастау» концертінің басталуына 10 күн қалғанда фан-клиптердің байқауы жарияланды. Осылайша, Димаштың жанкүйерлеріне шоу-концертке атсалысу ұсынылды. «BASTAU шоу-концертіне 10 күн қалды! Егер сіз де концерттің бір мүшесі болғыңыз келсе, өз қалаңыздың ортасында Димаштың жаңа әнін айтып, осындай видео түсіріп, бізге жолдаңыз. [email protected] немесе #FanDQ xэштегі арқылы әлеуметтік желіге жариялауға болады. Концертке келе алмасаңыз да, Astana Arena экрандарынан өзіңізді Димаштың жеке концертінде көруге үлкен мүмкіндік бар! Бұл видеоны Астанада (мысал ретінде) арнайы сіздер үшін түсірдім! Ал кеттік!», – деп жазған болатын Димаш Instagram-дағы өз парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Алпамыс Шәрімов: Димаштың бағы жанды деп айта алмас едім (видео)

Тәуекелдің тағы бір қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды

Тұңғыш қызын көрсеткен Дәурен Айдарқұлов жұрттың талқысына түсті

Димаштың Астанада өтетін шоу-концерті несімен ерекшеленбек? (фото)

Талқылау