Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың Астанада өтетін шоу-концерті несімен ерекшеленбек? (фото)

Мамандардың айтуынша, дәл осындай шығармашылық кешті бұрын-соңды елімізде бірде бір әнші ұйымдастырып көрмепті. Сахнада жарқ-жұрқ еткен жарықтардан бөлек, шоуға көрік беретін, ұшатын экрандар мен арнайы сарқырамалар да орнатылмақ.

19379212_141801953061553_3627467784075608064_n

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Димаш тәулігіне 14-15 сағат жұмыс істеп жатыр. Сахнада хореографтар, хореографиялық топтар, режиссерлар, музыканттар барлығы тынымсыз еңбек етуде”, – дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Көпшілік ұзақ күткен ұмытылмас кешке небәрі 3 ақ күн қалды. Димаш концертке қызу дайындалуда. Сахнада еркін жүріп-тұруын, биін және айтатын әндерін пысықтап жатыр.

Димаш бұл кеште жанды дауыста ән айтып қана қоймай, актерлік шеберлігін де танытпақ.

Ол Ресей әншісі Кристина Орбакайтемен бірге “Опять метель” әнін орындап, “Ирония судьбы” киносындағы қос ғашықтың рөлін сомдайтын болады.

25

Жіберіп алмаңыз:

4 жасар бүлдіршін қыз Ерке Есмаханның “Қайда” әніне айнытпай пародия түсірді (видео)

Димаш Құдайберген ЭКСПО келушілері үшін ән шырқайды

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекпен дуэт орындады

Талқылау