Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекелдің тағы бір қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды

Миллиондаған қыздың арманына айналған Тәуекел Мүсілім өзіне ес-түссіз ғашық бойжеткендердің жүрегіне тағы да жара салды. Себебі желіде Тәуекелдің тағы бір қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Түрік және үнді киноларын жақсы көретін қазақ халқы экраннан өзге халықтардың сүйіскенін көрсе, аса таңырқамайды. Алайда қаракөз қазақ қыздары мен жігіттерінің ашықтан ашық сезім білдіруіне елдің көзі үйренбеген. Сол себепті отандық фильмдер мен телехикаяларда сүйісетін актерлер жиі сыналады. Олардың көшін Тәуекел Мүсілім бастап тұр.

Бүгінде Тәуекелсіз кино не бейнебаян түсіру қызықсыз сияқты. Бір қызығы, ұзын бойлы әрі денелі жігіт көбінесе махаббат тақырыбындағы фильмдерде ойнайды. Режиссерлер махаббат көріністерін тек Тәуекел арқылы жеткізгісі келетіндей. Ал желідегілер “Тәуекел барлық қазақ актрисалары мен әншілерімен сүйісіп шықты” деп қалжыңдайтын болған. Себебі Тәуекел Жанар Дұғалова, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Жолдыбаева сынды шоу-бизнестің ең танымал сылқымдарымен сүйіскен. Бұдан өзге, Тәуекелмен сүйісіп тұрған суретін желіге жүктеп жіберген қырғыз актрисасы тағы бар.

Ал желіде пайда болған кезекті суреттегі бикештің кім екені әзірге белгісіз болып отыр.

19228184_1896773273669831_5742734667639947264_n

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың Астанада өтетін шоу-концерті несімен ерекшеленбек? (фото)

Алпамыс Шәрімов: Димаштың бағы жанды деп айта алмас едім (видео)

Тұңғыш қызын көрсеткен Дәурен Айдарқұлов жұрттың талқысына түсті

Ақбота Сейтмағамбет намысына тиетін сөз айтқандарды сотқа беруге уәде етті

 

Талқылау