Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық модель өз аккаунтын жыныстық зорлық оқиғаларын баяндайтын парақшаға айналдырды

Танымал америкалық модель Кэмерон Рассел #MyJobShouldNotIncludeAbuse (Менің жұмысымда жыныстық зорлау болмауы тиіс) жобасын бастады. Ол осы жоба аясында өзінің Инстаграмдағы аккаунтында сән индустриясында жүріп зорлыққа ұшыраған қыздардың оқиғаларын баяндамақ.

Оның сөзінше бұл бастаманы бастауға жыныстық зорлыққа ұшыраған құрбысының оқиғасы себеп болған. Құрбысының айтуынша өгей шешесі көрші бөлмеде болған кезде фотограф оған тиіскен. Ол кезде қыздың жасы 15-те екен.

Модель сондай-ақ, әріптестеріне өз бастарынан өткен оқиғаларды жіберуді сұрап, оларды Инстаграмда жариялауға уәде берген. Ол “индустрия аталған мәселенің қаншалықты кең ауқымда таралып кеткенін білуі тиіс” дейді.

Қыз үш күн ішінде зорлау мен жыныстық қысым көрсетуге қатысты 79 оқиғаны жариялаған.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстандағы президент сайлауында Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті

NASA:  Қазақстан мен Ресей аумағына екі қауіпті метеорит құлауы мүмкін

Атамбаев сайлаудан кейін немен айналысатынын айтты

Сомалиде теракт болып кемі 189 адам қаза тапты

Талқылау