Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық бес жастағы ұлын жабайы мысықтың ауызынан аман алып қалды

Америка тұрғыны өзінің бес жастағы ұлын жабайы мысықтан аман сақтап қалды. Оқиға 17 маусым күні Питкин округында болған.

ерер

Сурет lubimets.com

Кішкентай бала өзінің ағасымен бірге далада ойнап жүрген. Бір кезде баласының айқайлаған дауысын естіген анасы үйден жүгіріп шығып, бес жасар ұлына шабуыл жасап жатқан жыртқыштың ауызынан оны қорғап қалады. Әкесі баланы дереу ауруханаға жеткізген. Зардап шегуші бала бетінен, басынан, мойнынан жарақат алған. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

Аздаған зақым алған баланың анасына да медициналық көмек көрсетіліп, үйге қайтарылған. Питкин шерифінің көмекшілері шабуыл жасаған жыртқышты тауып алып, атып тастаған.

Пуманың өзге ірі мысықтардан айырмашылығы ол адамдарға сирек шабуыл жасайды. Егер адам жедел қимыл жасаса немесе жалғыз болса шабуыл жасауы мүмкін екен.

Талқылау