Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америка банкіндегі Қазақстан қаржысы бұғаттан босатылды

Қазақстанның бұғатталған 22 млрд доллар қаржысы қайтарылады. Нидерландия соты Ұлттық қордың өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“2018 жылдың 23 қаңтарында Амстердам қаласы округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі ҚР Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды”, — делінген хабарламада.

Нидерландия соты Қазақстан ұлттық қорының қаржысын ешкімнің иемденуіне құқы жоқ екенін мойындады.

Нидерландының сот органдары бұдан бұрын молдовалық кәсіпкер Анатол Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған.

Сонымен қатар, сот шетелдік кәсіпкерге Қазақстанның сот шығындарын өтеп беруді міндеттеді.

Бұған дейін, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев шетелдік телеарнаға берген сұхбатында Қазақстанның қаржысы алаяқтық жолмен бұғатталғанын және бұл мәселемен ҚР Әділет министрлігі айналысып жатқанын айтқан болатын.

Тағы оқыңыз:

Өзбекстан билігі Ақтөбедегі автобус өртінің себептерін атады

Астана мектептерінің бірінде жыныстық қатынасқа түсу жолдарын үйрететін парақшалар таратылған

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны тапшы

Шымкентте аяз қарсаңында бәйшешек гүлдеді

Талқылау