Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы бұғатталған 22 млрд доллар туралы түсініктеме берді

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев «Россия 24» арнасында Ұлттық қорындағы 22 млрд теңгенің бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұлттық банк басшысы америкалық банктың бұл әрекетін ешқандай саяси жағдайға қатысы жоқ екенін түсіндірді. “Бұл экономикалық дау”, – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай келеңсіздік бұрын Ресейде де болған.

«Біз де сол жағдайға тап болып отырмыз. Сондықтан, бұл жерде Қазақстанға қатысты жүйелі әрекет деп қарастырмау керек. Біздің ойымызша, бұғаттау туралы шешім алаяқтық жолмен алынған. Сондықтан, біз сот процесін қозғап жатырмыз», – деді Ақышев.

Оның айтуынша, қазір бұл процеспен ҚР Әділет министрлігі айналысып жатыр.

ҚР Ұлттық банкі бұл процесте басты кеңесші ретінде қатысып жатыр.

«Біз сотқа 500 млн долларға арызданып жатырмыз. Ал бұғатталған сома 22 млрд доллар. Екеуінің айырмасы өте үлкен. Сондықтан, сот орындаушыларының әрекетін алаяқтық жолмен шешімнен бастау алғанын дәлелдеуге тырысып жатырмыз», – деді ол.

Данияр Ақышев одан ары қандай да болмасын түсініктеме беруден бас тартты.

Бұл мәселе теңге бағамына қалай әсер ететінін де түсіндіріп өтті. Ұлттық банк басшысының аайтуынша, бұл мәселе Қазақстанның ақша-несие саясатына еш әсер етпейді.

«ҚР Ұлттық банкінің алтын валюта қоры сақтаулы. Ал Ұлттық қор қаржысына қатысты Әділет министрлігімен біріге зерттеу жүргізіп жатырмыз», – деді Ұлттық банк басшысы.

Тағы оқыңыз:

52 адамның өмірін қиған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды

Министрлік: өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы жоқ

Шетелде тегін білім алудың қандай мүмкіндіктері бар

Декреттік демалысқа шығатын аналар нені білуі керек

 

 

Талқылау