Өзбекстан билігі Ақтөбедегі автобус өртінің себептерін атады

Сәрсенбі, 24 Қаңтар , 2018 11:35

Өзбекстан билігі Ақтөбе облысында болған автобус өртінің себептерін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабаралды.

Өзбекстан билігі оқиғаға қатысты қаулы қабылдады. Қаулыда өрттің шығу себептері жазылған.

Олардың пайымдауынша, өрттің негізгі себептері: автобустың техникалық жарамсыздығы, жылу болмаған; жеңіл тұтанатын заттардың болуы; өртке қарсы жабдықтардың пайдалануға жарамсыздығы; автобусқа жүктің шамадан тыс тиелуі; автобус салонындағы жүретін жолға жүкті үйіп тастау; қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық шаралардың қолға алынбауы.

Қаулыға сәйкес, республикалық комиссия құрылды. Комиссия шетелге жолаушылар тасымалдаумен айналысатын көлікте Өзбекстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Оны Өзбекстанның бірінші вице-премьері Ачилбай Раматов басқарды.

2018 жылдың ақпанынан бастап Өзбекстанда шетелге шығатын автобустар мен микроавтобустарды рейсалды тексеру шаралары жүргізіледі.

Бұған дейін де Қазақстан ІІМ өрттің шығу себптерін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртенген еді. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 өзбекстандық азамат қаза тапты.

Тағы оқыңыз:

Астана мектептерінің бірінде жыныстық қатынасқа түсу жолдарын үйрететін парақшалар таратылған

Шымкентте аяз қарсаңында бәйшешек гүлдеді

Аязды күні шешініп тастап билеген астаналық қыздар желіні шулатты (видео)

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны тапшы

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар