Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Автобустың өртенуіне екі жайт себеп болған

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев 52 адамның өмірін қиған автобустағы өрттің қалай шыққанын айтып берді.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Өрт шыққан кезде әуелі өткір иісті түтін тарап, жолаушылардың көпшілігіне иіс тиіп қалған. Адамдардың басым көпшілігі қаза табуына осы себеп болған шығар. Екіншіден, есік ашылған кезде, ішке оттегі кіріп, автобустың іші лап етіп жана бастайды, сол себепті ешкім сыртқа шыға алмаған болса керек”, – дейді Тұрғымбаев.

Сонымен бірге, министр орынбасарының айтуынша, автобус ішінде жүк көп болған екен. Әрі жолаушылар екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында отырыпты. Яғни, жүк түгелдей лапылдап жанып, жойқын өрт ешкімнің сыртқа шығуына мүмкіндік бермеген көрінеді.

Бейсенбі 18 қаңтарда  Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы жүріп келе жатып, өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам – Өзбекстан азаматтары қаза тапты. Бүгін қаза болғандардың тізімі жарияланды.

Тағы да оқыңыз:

Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады

Ұлынан айырылған қазақ журналисі: Ол дүниеге, ақшаға қызыққан жоқ, оның досы көп болды

Талқылау