Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты жасар америкалық олимпиада чемпионына ұрланған медалін қайтарып берді

Алты жасар америкалық ескек есуден олимпиада чемпионы атанған Джо Якобиге ұрланған алтын медалін қайтарып берді.

047ca6a6af36853d1d484897dcc703a7

Сурет twitter.com/BBCSportshour

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Якобидің медалі маусым айының басында ұрланған. Спортшы 1992 жылы Барселона олимпиадасында жеңіп алған алтын медалін Атлантадағы телевизиялық бағдарламаның түсіріліміне бірге алып келген.

photo_187974

Чемпион мейрамханада болған кезде, белгісіз адамдар оның көлігінің терезесінен медалді ұрлап кеткен.

da615f84b9963b0b7d7b4ad92c1f5458

Алты жасар қыз медалді отбасымен бірге орманда қыдырып жүрген кезде тауып алған. Қыздың ата-анасы Якобиге табылған медаль туралы хабарлайды. Спортшының өзі медалдің бүлінгенін айтты. Бірақ, осы ұрлық оқиғасын еске салып тұру үшін қайта қалпына келтірмейтінін жеткізді.

Талқылау