Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты рет нокаутпен жеңген қазақстандық чемпион титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахметовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Садриддин Ахметов

Қазақстандық боксшымен жұмыс істейтін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Facebook желісінде Ахметовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетінін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Ахметов  алдағы жекпе-жегін 26 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны аталмады.

Алайда Ахметов WBC-дің «жастар» чемпионы атағы үшін күресетіні белгілі.

Айта кетсек, 20 жастағы қазақстандық кәсіби рингке биыл шыққан. Әуесқой бокста жүргенде 2016 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған. Бүгінгі күні ол канадалық Eye of the Tiger Managment промоутерлық компанияның қарамағында.

Ол 15 желтоқсанда 82 секундтың ішінде қарсыласын нокаутқа жіберген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау