Алматылықтар аты аңызға айналған қазақ футболшысымен қоштасты

Алматылықтар Орталық стадионда аты аңызға айналған қазақ футболшысы Тимур Сегізбаевпен қоштасты.

Бұл туралы «Қайрат» ФК баспасөз қызметі хабарлады.

Қаралы жиында Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Доңбаев марқұм Тимур Сегізбаевтың отбасы мен ағайын-туыстарына көңіл айтты.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен Кәсіби футбол лигасының президенті Азамат Айтхожин қаралы жиын алдында марқұмның өткен өмірі туралы баяндап, жылы лебіздерін білдірді.

«Марқұм Тимур Сезігбаевты жиылған жұрт ыстық ықылас, қимас сезіммен шығарып салды. Оның Қазақстан футболына қосқан өлшеусіз еңбегі еске алынып, алғыс білдірді.

Адамның бұл өмірдегі бағасын достарының құрметіне қарап білуге болады. Марқұмды шығарып салуға жиналған оның достарының қарасы көп болды», – дейді «Қайрат» ФК-баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да «елес» ауылдың әкімі тұрғындарға дөрекілік танытқаны үшін қызметінен қуылды

Алматыда оқушы мектепте уыты бар баллон шашқаны үшін мектеп директоры мен меңгерушісі жазаға тартылды

Астана әкімі елорда тұрғындарынан кешірім сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар