Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық бойжеткен қас жасатамын деп басы дауға қалды

Алматылық бойжеткен қас жасатамын деп басы дауға қалды. Қаладағы сән салондарының біріне барып, салдырған қасы 1 апта өтпей жатып өшіп қалған. Ал өз ісімізді кәсіби орындадық деп отырған сұлулық орталығы тұтынушы көңілінен шықпаған жұмыстың қаражатын қайтарудан бас тартқан.

какк

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айдана Шалтабай әпкесінің кеңесіне құлақ асып, қарлығаштың қанатындай қиылған қас жасату үшін сұлулық салонына барған. Теріге инемен түсетін бұл бояудың арқасында, қас қарайып, пішіні айшықтала түсуі керек екен. Дегенмен 10 мың теңге төлеп салдырған қияқтай қасы 4 күннен кейін бозарып, жоқ болып кеткен.

“Дәл анадай болып қалады деген жоқ. Өзінің қасы қалың, өздері айтты былай алдық, былай болады сосын боямай-ақ жүре береді деп 20 күн. 20 күннен кейін келіңіз дұрыс емес жерлерін біз жөндеп береміз сізге деп. Ия, жарайды дедік, бүгін сүртті жоқ қасы”, – дейді әпкесі Қуат Садықбаев.

Ал 7 жылдық тәжірибем бар деген қас маманы бойжеткенге әлде де түзету жұмыстары жасалатынын, оның бірден өңі кірмейтінін ескерттім -дейді. Қайта жасалатын бұл қызмет үшін тұтынушыдан қосымша 5 мың теңге алынады екен.

“Біріншіден теріңіз майлы, екіншіден мен жұмыс жасаймын төртінші күннен бастап уже краскасы түседі. Кейбір адамдарда полный кетіп қалады, не слегка форма контур қалады. Сондай кезде осында міндетті түрде 20 күннен кейін келесіз, біз үстінен қайта коррекция жасаймыз”, – дейді қас маманы Ардақ Оман.

Әсемдік жолында қыз-келіншектер талай тәуекелге барады. Бүгінде жалпақ мұрынды кішірейтіп, бет дақтарын кетіріп, әжімді әдіптеп беретін қызмет орындары көп. Байқағанымыз сұлулық салонында болған жанжалға қарамастан онда келушілер қатары кемімей тұр. Ал басы дауға қалған орталық қожайындары даурыққан бойжеткеннің ақшасын бүгін өзіне қайтарып берді.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда қайтыс болған жігіт өз өліміне полиция қызметкерлерін кінәлаған

Құрбан айт мерекесіне орай 1 қыркүйек демалыс күні болып жариялануы мүмкін

Мысырдағы қазақ студенттерінің ісін министр қолға алды

Ұшақ апатында қаза тапқан жігіттің сүйегін мәйітхана туыстарына бермей отыр

Талқылау