Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы көлік тұрағындағы төбелес: Жұдырығын ала жүгіргендер ұсталды

Алматыда көлік тұрағында көлік қоюға таласамын деп төбелескендер ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

photo_223589

Даулы төбелес бірер күн бұрын “Тастақ” ықшамауданындағы базар маңында орын алған еді.

“Кеше 102 пультіне хабар келіп түсті. Оқиға орынына жол-патрулдік полициясы дереу жетті. Екі тараптың ерегескені анықталып, 32 жастағы азамат ұсталды. Кешкі сағат тоғыз шамасында дене жарақатын алдым деп зардап шегуші шағым түсірді. Факт тіркеуге алынып, ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша тергеу изоляторында отыр”, – деп хабарлады ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, сот-медициналық сараптамасы зардап шегуші алған дене жарақаттарының қай деңгейде екенін анықтап бермек.

Төбелестің видеосы бірер күн бұрын интернетте таралып кеткен болатын. Видеода көрінгендей ер адам жеңіл автокөліктің үстіне секіріп кетеді. Ал көлік иесі болса әлгі ер адамға жұдырығын ала жүгірген.

Оқи отырыңыз:

Қостанайлық азамат екі жыл бойы туған қызын зорлап келген

Павлодар кафесіндегі шу тудырған порно роликтің бас кейіпкері жазадан құтылып кетті

Астаналықтар 6 баласымен жалғыз қалған әйелге көмек көрсетті

«Ұшақтағы қазақ тілі» анекдотқа айналды

Талқылау