Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автокөлікті тонап кеткен ұрыны үстіндегі киімі “ұстап берді”

Алматыда 25 жастағы ер адам “Самал” ықшам ауданындағы балабақшаның алдында орналасқан көлікке ұрлыққа түскен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

d7c37b7e044d133fa69b62b8cded7f57_XL

“Мен қызымды балабақшаға алып келдім. Қайта шыққан кезімде көлігімнің терезесі сынғанын байқадым. Дереу “102”-ге хабарластым. Экипаж бес минуттан соң келіп, көп өтпей күдіктіні ұстады. Шынымды айтсам, мұндай жедел қызметке таңқалдым. Бүкіл затымды қайтарып берді. Күдіктіні ұстауда кәсібилік танытқан полицияға алғыс айтамын”, – дейді “Мицубиси Паджеро” көлігінің иесі.

20160728103249

“Таңғы 08.20-да біз Достық даңғылы бойында автокөлікке ұры түскені туралы хабар түсті. Оқиға орынына келіп, күдіктіні сипаттап берген куәгер болуы мүмкін адамдардан сұрау алдық. Олардың сөзінше, қылмыскер толықтай ақ түсті киінген адам болуы мүмкін екен. Мұқият зерттеу отыра, біз күдіктіні ұстадық. Одан дәлелді заттар тәркіленді”, – деді Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полкының инспекторы Мәлік Нұрғазиев.

20160728103245

Ұсталған күдіктінің бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оның өзге қандай қылмыстарға нақты қатысы бар екенін тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.

Талқылау