Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушылар автобусы өртке оранды (видео)

Алматыдағы Шұғыла ықшам ауданында жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматыда жолаушылар автобусы өртке оранды (видео)

«15 қарашада сағат 9-да Алматы ТЖД пультіне Шұғыла ықшам ауданы Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті. Анықталғандай, №137 автобустың салоны мен артқы дөңгелегі жанған», – делінеді ТЖД хабарламасында.

Өрт сағат 09:39-да ауыздықталып, сағат 09:59-да сөндірілді.  Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды.

Тілсіз жау салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Подробности уточняются мрн Шугыла Наурызбайский район

Публикация от Almaty Kazakhstan Dtp Zhest Kz (@kris_p_brothers)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау