БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жол-көлік апатынан тоғыз адам аурухаға түсті

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Ақбұлақ ықшам ауданындағы Шәріпов көшесінің бойында болды.

Куәгерлердің айтуы бойынша, Шәріпов көшесімен солтүстікке бағытталған 25-ші жолаушылар автобусы қарама-қарсы бағытта келе жатқан 102-ші автобуспен соқтығысып қалған.

“Жол тайғанақ болғандықтан 25-ші автобустың жүргізушісі рөлге ие болмай қалды”,- деп болжайды куәгерлер. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Біраз уақыттан кейін Шәріпов көшесімен солтүстікке бағытталған Toyota Camry көлігі 25-ші автобусқа келіп соғылды.

Жол-көлік апатынан автобус жүргізушісі салоннан шыға алмай, оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді. Құтқарушылар жарақат алған 25-ші жолаушылар автобусының жүргізушісін құтқарып, дәрігерлерге табыстады.

Соңғы деректерге сүйенсек, тоғыз адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы орын алған жерді зерделеу үшін жол полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да шанамен сырғанаған оқушы қыз мерт болды

Алматы облысында еріген қар мен жаңбыр суы тұрғындарға қауіп төндірді

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты: екі адам тірідей жанып кетті

Алматы облысында 12 жастағы қыз сыныптасын пышақтап тастады

Загрузка...
Қазір оқып жатыр