Алматы облысында 12 жастағы қыз сыныптасын пышақтап тастады

Оқыс жағдай Іле ауданындағы 38 мектеп-гимназиясында болған. 6 сыныптың оқушысы парталасын сыныптың ішінде кеңсе пышағымен тілгілеп, қан жоса еткен. Ал бұл туралы біреуге тіс жарсаң, тағы да таяқ жейсің деп жәбірленушісіне қоқан-лоқы көрсеткен. Сыныптас қызының қысымына шыдамаған  бала бұл мектептен ақыры кетіп тынды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Баланың ата-анасы осындай жағдайға жол берген мектеп басшылығының да,  сотқар қыздың да жазасыз қалғанына наразы.

Сыныптас қызынан қорлық көрген бала осы. 11 жастағы Саша. Өзі бокспен айналысады екен. Бірақ кеңсе пышағымен парталасы шабуыл жасағанда түк те істей алмапты. Ашулы қыз оның қолын тілгілеп тастаған. Төрт ай өтсе де жарасы әлі жазылмапты.

Киімі жыртылып, үсті-басы қан-жоса болған Сашаны ұстаздары жедел-жәрдеммен  ауруханаға алып кеткен. Жарасын тігіп, бірнеше күннен соң мектепке қайта оралады. Ал сыныптас қызы кешірім сұраудың орнына оны қорқытып, мен сені әлі бөлшектеп тастаймын деп зәресін алған. Өзге ұлдарға айтып ұрғызбақ та болыпты.

«Кішкентай ғана қызда осынша ыза-ашу қайдан болуы мүмкін!? Ұлым мектепке барудан қалды. Біз оны басқа мектепке ауыстырдық.  Полицияға арыз жаздық, білім министрлігіне дейін шағымдандық. Бірақ ешқандай шара қолданылмады. Қыздың өзіне де ата-анасына да, оқушылары бір-бірін пышақтап жатқан мектепке де ештеңе болған жоқ», – дейді жәбірленушінің анасы Айзада Карпова.

Іле ауданындағы нөмірі 38 мектеп-гимназияның басшылығы болса  оқушылардың сынып жетекшісінен бастап директорға дейін сөгіс жариянды деп отыр.  Ал қыздың мектепке кеңсе пышағын алып келуіне еңбек сабағаның мұғалімі себеп болыпты. Олар сол күні киізбен жұмыс жасайын деген екен.

«Екеуі де жақсы оқушылар. Сабақ үлгерімдері де жақсы. Неге осылай болғанын өзіміз де түсінбей қалдық. Олардың сынып жетекшілері мектептегі ең үздік ұстаз. Сол жағдайдан кейін мен ол мұғалімге және орынбасарыма сөгіс жарияладым. Ал білім бөліміндегілер маған сөгіс жасады. Қызды үш айға тәртібі нашарлар тізіміне қойдық», – дейді мектеп директоры Роза Шоманова.

Александрдың ата-анасы жаза тым жеңіл деп отыр. Олар енді қыздың отбасын сотқа бермек. Бірақ іс сиыр құймышақтанып кетеме деп қорқады. Өйткені ұлдарын кеңсе пышағымен тілгілеген қыздың атасы кезінде әкім болған. Танысы көп. Содан кейін де шығар осы уақытқа дейін жәбірленуші тараптың кешірімін алуға асықпай жүргені.

Оқи отырыңыз:

Астанада қаруланған полицейлер қаладан шыққан көліктерді тексеріп жатыр

Мәскеу облысында мәйіті табылған 3 қазақстандық туралы жаңа деректер шықты

ОҚО-да ауыл имамы уағыз арқылы терроризмді насихаттап келген

Ауыл әкімі соққыға жыққан баланың анасы мән-жайды түсіндіріп берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар