Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты: екі адам тірідей жанып кетті

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізуші мен бір жолаушы тірідей жанып кетті. Оқыс жағдайдан зардап шеккен тағы үш кісі ауруханаға түскен. Олардың біреуінің хәлі өте ауыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Жол апаты кеше таңертеңгі сағат 9-дар шамасында Отар елді мекеніне жақын жерде болған. «Лексус» пен «Ауди» бетпе-бет соғылып, артынша  «Ауди» бірден отқа ораныпты. Осы көліктің жүргізушісі мен қасындағы жолаушы әйел сол жерде тіл тартпай кеткен. Бірақ олардың денелері лапылдап жанған машинаның ішінде қалып қойды ма, немесе куәгерлер далаға шығарып үлгерді ме, ол жағы белгісіз.

Ал түрлі дене жарақатын алған «Лексустың» жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы Отардағы медициналық-санитарлық батальонға жатқызылған. Олардың біруінің хәлі өте ауыр болғандықтан, науқасты Алматыға немесе Таразға жеткізу жайы қарастырылуда. Ал жол апатына әзірге нақты кімнің кінәлі екені белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында 12 жастағы қыз сыныптасын пышақтап тастады

Алматы облысында жертөледе жарылыс болды

Шымкентте мектеп оқушысы терезеден секіріп кетті

ОҚО-да ер адам туған анасы мен әйелін пышақтап өлтірді

Талқылау