Алматыда туыстары мүгедектер арбасындағы ер адамды бір аптадан бері іздеп таба алмауда

Жұма, 16 Қыркүйек , 2016 8:31

Алматыда 62 жастағы Балқаш Жетпісбаевты бір аптадан бері іздеп жатыр. Оны полицейлер психиатриялық клиникаға жеткізгеннен кейін жоғалып кеткен.

Безымянный

“1954 жылы туған ағам Балқаш Мамытбекұлы Жетпісбаев жоғалып кетті. Ерекше белгілері: арық денелі, сол аяғы протез. Егер көргендеріңіз, білетіндеріңіз болса +77015206518, +77010269077, +77022609889, +77021698889 нөмірлеріне хабарлассаңыздар екен”, – деп жазады Инстаграмдағы парақшасында Анел Нұрбекова.

Оның сөзінше, ағасы Таугүл-з ауданындағы үйінен дүкенге шығып кетіп оралмаған. Оны көшеде полицейлер ұстап алып, кім екенін анықтау үшін бөлімшеге алып барған. Сосын Каблуков көшесіндегі клиникаға әкеледі. Ол жерде ер адамға ем-дом жасап, босатқаннан кейін ешкім көрмеген.

рпав

“Не полицейлер, не дәрігерлер туыстарына оны ұстап, емдегені туралы ақпарат бермегеннен кейін жағдай күрделеніп кетіп отыр. Оны тәртіп сақшыларының алып кеткені туралы біз тек дүкен сатушыларынан ғана білдік. Адамдар осыны барынша таратып, бөлісулерін сұраймын. Қазір адамдарды әртүрлі мақсатта ұрлап кетіп жатыр. Жағдайды бақылауға алу үшін кімге шағым айтарымды да білмеймін, сол себепті қоғамға өтініш жасап отырмын. Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне хабарлап қойдық”, – деп жазды ол.

Оқи отырыңыздар:

Алматыда 25 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Алматыда 24 жастағы семейлік жігіт жоғалып кетті

ОҚО-да қыз болып туылған сәби кейін ұлға айналып кеткен (видео)

Қарағанды прокуроры үш жол апатын жасағанымен 21 мың теңге айыппұл төлеп құтылды (видео)

Алматыда қоқыстан басы мен қолы табылған адамды өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар