Алматыда 24 жастағы семейлік жігіт жоғалып кетті
Алматыда 24 жастағы Азамат Қабденов 7 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткен.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабалайды.
«Соңғы рет, онымен 6 қыркүйек күні сөйлестім. Менен қарызға ақша сұрады. Оған ақшаны беретінімді айттым да, Семейге қайтуын сұрадым. 9 қыркүйекте телефонды қайта соқтым. Бірақ, бұл жолы оның барлық телефоны өшірулі болды. Ол 12 қыркүйектегі анамыздың туған күніне де телефон шалмады», – дейді жоғалған жігіттің әпкесі Жанар.
Жанардың айтуынша, ертең 14 қыркүйек күні ол анасымен Алматыға келіп, Азаматтың жоғалғаны туралы полицияға хабарламақ.
«Мен Азаматтың досымен хабарластым. Олар 5 қыркүйек күні соңғы рет кездескен. Оның айтуынша, Азамат біреулерге қарызданып қалған. Біз оның Алматыда не кәсіппен шұғылданғанын білмейміз, бірақ оны қанша шақырғанымызбен Семейге қайтқысы келмеді», – деді Жанар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады