Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Toyota Camry мен Lexus автокөліктері соғылып, 3 бала зардап шекті (фото)

Алматыда Toyota Camry және Lexus автокөліктері соғысып, 3 бала зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ЖКО Жоғарғы Каменка ауданындағы Гроза көшесінде орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, Toyota Camry автокөлігі оңтүстік, ал Lexus солтүстік бағытта қозғалып бара жатқан.

Осы кезде Lexus-тың алдына белгісіз автокөлік тоқтаған. Lexus жүргізушісі алдындағы көлікке соғылмас үшін, рөлді оңға бұрып, Camry автокөлігіне соғылған.

ЖКО салдарынан Lexus автокөлігінің ішінде отырған үш, бес және он үш жасар 3 бала зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Алматы полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте әжесі мен немересі иіс тиіп қаза болды

Алматыда автобусқа соғылған жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмады (фото)

Оралда газ жарылып, екі адам зардап шекті

«Алтын Орда» маңында ер адам көлік астына түсіп көз жұмды (фото)

Талқылау