Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмек сатқан компанияға айыппұл салынды

Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмекті сатқаны үшін «Olzhadai» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сот 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

416373252

Сурет: ria.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Olzhadai» ЖШС-ын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 2-ші тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерді (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу, тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттарды ҚР аумағында сату) жасаған деп танылды», – делінген хабарламада.

Соттың анықтауы бойынша, «Olzhadai» ЖШС Қазақстан аумағында тіркелмеген «Менопур 75 МЕ» дәрілік препаратын сатумен айналысқан. Бұл препаратты компания кіріс құжаттарынсыз сатып алған. Ал оның сапасы Қазақстан Республикасындағы заңнамалық тұрғыда бекітілген тәртіп бойынша қауіпсіздігі туралы тұжырыммен мақұлданбаған.

Заңды тұлғаға қатысты 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (396 000 теңге) айыппұл салу ретінде әкімшілік шара қолданылды. Сондай-ақ, «Менопур 75 МЕ» дәрілік перпараты тәркіленіп, компанияның қызметі екі ай мерзімге тоқтатылды.

Талқылау