Алматыда тілі байланған науқас қария паналайтын жер таппай далада қалды

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 22:22

Дамыған елдерде адам тұрмақ қаңғыған, ауру-сырқау иттің өзін баптап, күтіп жатады. Ал бізде адамның құжаты, туысы, танысы болмаса далада қалуы әбден мүмкін сияқты.

Инсульт алып, тілі байланған қарияны бейімдеу орталығына орналастырудың қаншалықты қиын екеніне әріптесім Ләззат Ахметжан-Оман көз жеткізіп келген еді, хабарлайды 31 арна.

Бұл қарияның инсульттан кейін тілі байланып, денесінің бір жағы жансызданып қалған. Сөйлей алмайтыны болмаса бәрін түсінеді, жүріп-тұрады, қасындағыларға жәутеңдеп үмітпен қарайды. Бар біле алғанымыз есімі Жанат, жасы 52-де, жақыны жоқ, Райымбек ауданының тумасы. Алматыдағы орталық мешітті жағалап жүрген қартқа Мұхтар есімді жігіт қол ұшын бермек болған.

“Апаратын жерім болмаған соң үйіме апарып, моншаға түсіріп, өзімнің жаныма алып жаттым. Бүгін бір нәрсесі болар деп, Алла тағаланың ризалығы үшін сіздерден көмек сұрап тұрмын”, – дейді Мұхтар Сабыров.

Барар жері басар тауы жоқ қорғансыз кісіні Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығына апарған едік, алайда ол жер қабылдаудан бас тартты.

«Осында қайтыс болса кім жауап береді?» деп жауапкершіліктен қашқақтаған қызметкерлер қақаған аязда оны еш аяусыз далаға шығарып жіберді. Құжаты жоқ аурушаң адамды қалалық медбике күтімі ауруханасы да алмай қойды. Ешкімге керек емес кісіге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғана аяушылық танытты.

“Мешіттің арнайы қамқорлар комиссиясы бар. Сол комисиясын жинап, бұл кісіні мүмкін тиісті жерлерге тапсыратын шығармыз”, – дейді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Жанашыр жігіттер апарғанда, 31 арнамен қосылып қайта барғанда алмаған қарияны үшінші жолы Діни басқарма қызметкерлері араласқанда ғана бейімдеу орталығы өздеріне қабылдады. Сонда Алматыда тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарға арналған мекемеге орналасу үшін де тамыр-таныстың керек болғаны ма?!  Ал қақаған аязда көмек қолын ала алмай, пана таппай жүргендер қаншама?

Оқи отырыңыз:

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Петропавлда тісін жұлдыруға барған келіншек орнынан тұра алмай жатыр

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар