Алматыда таразыдан жеп адамдарды алдайтын саудагерлердің былығы ашылды

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 7:39

Алматының ірі сауда орталықтары да жұртты алдап жүр! Төмен баға деп жарнамалайтын супермаркеттер таразыдан жеп, пайда табады екен. Тауарлардың салмағы қорапта көрсетілгеннен әлдеқайда аз екені арнайы тексеру барысында анықталып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

29D61D3F-B9C4-4268-BD1D-0E2C571904A9_mw1024_mh1024_s

Фото: rus.azattyq.org

Әсіресе, кем өлшенетін – қант, май, макарон өнімдері. Қулыққа ірі дүкендер ғана емес, жанармай бекеттері де барған. Олар бензинді тиісті мөлшерде толтырмай, жүргізушілердің қалтасын қалтасын қағыпты.

Тұтынушыларды алдап, пайда тауып келген – Алматыдағы аты дардай сауда орындары. Олар да базардағыдай таразыдан жеп, тауарды тиісті мөлшерінен азайтып сатыпты. Алаяқ дүкендер әсіресе жұрт жиі тұтынатын қант, шемішкі май, макарон сияқты азық-түліктерді кем өлшеген.

“Бір супермаркеттің өзінде 11 тауар топтамасының салмағы кем болып шықты. Қанттың бір қалтасында 54 грамм жеткіліксіз. Ал, жұрт жиі алатын тәтті тағамның 13 грамын жеп қалған. Сол сияқты макарон өнімдері де жетпейді”, – деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Гүлназ Халықова.

Әдетте, бағамыз арзан деп жарияға жар салатын дүкендер табысқа осылай кенеледі екен. Негізі сауда орындарында бақылау таразысы болуы қажет. Бірақ, оны біздегі дүкендерден көрмейміз. Тіпті, тауардың бағасын еселеп сататын сауда орындары да бар екен.

“Әртүрлі. Кейде 100 пайыз қосуы да мүмкін, кейде 200 пайыз қосуы да мүмкін. Сатып алғанда 50,60,100 теңгемізді сол сатушыға тастап кететін шығармыз. Оны ешкім тексеріп те жатқан жоқ. Біздің тұтынушылар оны тексермейді”, – деді “Адал” тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті Артық Сейітқалиева.

Мұндай қулыққа жанармай бекеттері де үйреніп алған. Әзірге жүргізушілердің ақшасын жеп, бағасы онсыз да аспандап кеткен бензинді толтырмай құятын 2 бекет анықталды. Одан қалды, жұрт емделуге баратын медициналық мекемелердегі заң бұзушылық та шаш етектен. Көбі арнайы тексеруден өтпеген құралдармен жұмыс істеген. Қазір осындай кәсіпорындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. 2 мыңға жуық өлшеу құрылғысын қолдануға тыйым салынып, заңсыздық анықталған 72 мекемеге ірі көлемде айыппұл салынған.

Оқи отырыңыздар:

Қазақстанда қазан айынан бастап қандай теңге номиналдары айналымнан шығады?

Бурабайдағы мейрамханада клиент чегінде дәретхана құны да қоса есептелген

Ақтөбе әкімдігі қыруар қаржыға бағалы заттар сатып алуының себебін түсіндірді

ШҚО-да шенеунік қоластындағы қызметкерлерін «малдар» деп атаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар