Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдағы мейрамханада клиент чегінде дәретхана құны да қоса есептелген

Қазақстандықтар дәретхана қызметі үшін де ақша талап еткен курортты аймақ Бурабайдағы мейрамхана әрекетіне наразылық танытты.

f18bfb96-f1c6-4014-8f14-8371e26315f6

Туристер өздерінің ашуын Фейсбук арқылы білдіріп, тіпті мейрамхана берген чектің де суретін жариялаған. Онда дәретханаға әр барғаны үшін 50 теңге төлену керек делінген. Ол жазбаға пікір қалдырушылар аталған аймақта мұндай ереже бұрыннан бар дейді.

“Бурабайға бардым. Дәретхана – мейрамхананың қызмет көрсетуіне кіреді. Бұл супер! Туризм дамып жатыр”, – деп жазды Фейсбук қолданушысы Daulet Koke.

Желі қолданушыларының басым бөлігі оның бұл ренішін қолдап, бұл қазақстандық туризм үшін ұят нәрсе екенін жарыса жазған.

“Жұмбақтастың” қызмет көрсетуі мүлде ұнамайды, мен онда бармауға кеңес берер едім”, – дейді пікір қалдырушы Керей Баке.

“Егер балалармен барып, олардың қолын жуу үшін барған сайын 50 теңге төлесек не болады. Онда түскі астың алдында-ақ, 200-300 теңге дәретхана кетеді ғой”, – дейді Әмір Хан есімді қолданушы. Ал енді бірі “сонда ол жерде бәрін санайтын арнаулы адам отырады ма? Әлде камерадан бақылай ма?” деп пікір қалдырған.

Бірқатар желі қолданушылары мәселенің ақшада емес, мінезде екенін айта келе “шет елдіктер күлмей ме, қазақтар қанша рет дәретханаға барғанымызды санайды деп” дейді. Ал өзгелері дәретхана құны да, су, электр секілді жалпы құнға кіруі тиіс деген пікірде.

“Мұндайды тек бізде ғана кездестіруге болады. Өте ұят!” – деді Aida Sahin.

“Мұндай өркениеттен қалған, адам ұялатын қызметті тұтынғанша, көрші елдерге барып демалған артық”, – дейді тағы бір пікір білдіруші.

Өз кезегінде “Жұмбақтас” мейрамханасының өкілдері жазба астына пікір қалдыру арқылы, жағдайға түсініктеме берген. Олар Бурабайдағы дәретхана мәселесі дәл қазіргі таңда әкімдік жедел шешуі тиіс қиындықтардың бірі деп атап өтті. Өйткені қоғамдық орындарды дәретхана атымен жоқ екен. Алайда дәретхана құнының неліктен мейрамхана клиенті үшін де есептелетінін айтуға қарсылық танытқан.

ҚР инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаровтың айтуынша, мұндай жағдай мекеменің өзіне кері әсерін тигізеді. Ол Ақмола облысы әкімі орынбасарымен осы мәселе төңірегінде сөйлескенін, алдағы уақытта олардың мәселені шешетінін айтқан.

 

Талқылау