Ақтөбе әкімдігі қыруар қаржыға бағалы заттар сатып алуының себебін түсіндірді

Жұма, 23 Қыркүйек , 2016 9:35

Ақтөбе облысы әкімдігі қазынаның есебінен жиҺаздар, есік-терезелер мен басқа да қымбат дүниелерге тапсырыс беруінің себебін түсіндірді.

коллаж акима

Баспасөз релизіндегі мәліметтерге сүйенсек, облыстық әкімдік ғимараты 1971 жылы пайдалануға беріліп, соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен. Ал ақырғы рет жиҺаз 2004 жылы сатып алынған екен.

«Ғимаратқа үнемі облыс тұрғындары, көптеген делегация өкілдері, сонымен қатар, шетелдік дипломатиялық өкілдік өкілдері мен меймандардың келетенін ескеріп, материалды-техникалық базаны жаңартуды қолға алдық»,- делінген әкімдіктің ресми мәлімдемесінде.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 8.9 миллион теңгелік келісім-шартқа қол қойылған. Одан бөлек, ғимараттың бірнеше қабатында ағаштан жасалған терезелерді металлды-пластикалыққа ауыстыру жоспарланған. Ол үшін әкімдік 5.3 миллион теңге бөлген.

Әкімдік 1 млн 687 мың теңгеге сатып алуға көзделген сарқырамаға 1 млн 290 мың теңге жұмсағанын мәлімдеді. Декоративті сарқырама облыстық әкімшіліктің фойесінде ортатылған.

Сонымен қатар, құны 292 мың теңге тұратын ауа тазартқыш облыс басшылығының қатысуымен ресми кездесулер өтетін үлкен мәжіліс залына арналғаны аталып өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер жарты миллионға телефонға арналған сөрелерді сатып алуының себебін түсіндірді.

«Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әкімдік қонақтарына смартфон қолдануға тыйым салынғандықтан, жалпы құны 500 мың теңгені құрайтын телефондарға арналған 3 шкаф сатып алу жоспарланды. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, аталмыш лотты сатып алу облыстық мүгедектер қоғамында жүзеге асырылған», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ал құны жарты миллион теңгені құраған картиналарды әкімдік жоққа шығарды.

«Веб-порталда 35 картинаның бағасы көрсетілген. Картиналарда аймақтың имиджін жоғарылату үшін жергілікті пейзаж бейнеленген. Бір картинаның бағасы 43 мың теңгеден аспайды» – деп сендірді әкімдік.

Әкімдіктің баспасөз қызметі әрқайсысы 524 мың теңге тұратын есіктердің қажеттілігін түсіндірді. Жергілікті билік өкілдерінің пайымдауынша, қалыпсыз өлшемді есіктер акт залы мен мәжіліс өтетін бөлмелерге арналған. Ал ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқты мемлекеттік қызметкерлер шетелден келген ресми тұлғалар мен шетелдік делегацияларға арнап алмақшы болған. Алайда тауар жеткізушілер жоқ болғандықтан, сатып алу жүзеге аспаған.

Мәлімдемесін қорытындылаған Ақтөбе облыстық әкімдігі шынайы ақпаратқа қол жеткізу үшін, БАҚ өкілдерінен ресми түрде әкімдікке хабарласуды өтінді.

«Диапазон» тілшісі әкімдік департаменттеріне аталмыш әрекеттерінің себебі мен тауарлардың бағасын анықтау мақсатында бірнеше рет хабарласқанын, алайда тапсырыс берушілер жауап беруден бас тартқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік сатып алу сайтында әрқайсысы 630 мың теңге тұратын үш креслоға, 540 мың теңгелік ыдыс-аяққа, 90 мың теңгелік үтікке, әрқайсысы 18 мың теңге тұратын кітаптар мен өзге де қымбат заттарға әкімдіктің тарапынан тапсырыс берілген.

Жіберіп алмаңыз: 

ШҚО-да шенеунік қоластындағы қызметкерлерін «малдар» деп атаған

Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек

Премьер-министр азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін әкімдерге ұрысты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар