Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек , 2016 15:26

ҚР парламент мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді. Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, оны үкімет басшысының атына жолдады.

мажилис

 

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі..

“Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстанда білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс”, – дейді депутат Смирнова.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Премьер-министр азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін әкімдерге ұрысты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Молодец Смирнова ханымга

  • Түңілген says:

    Қойей сосын мұғалымдер кісі болып кетсе. Дау жолдың жағасындағы тікенектерді кім шауады?!

  • Анонимно says:

    Мұғалімдердің жалақысын көбейту керек! Қағазбастылықтан көзін ашпайтын мұғалімнің жалақысын айтуға ұяласың

  • Анонимно says:

    Шілей мамалары мұғалім адамдар

  • Дария says:

    Мұғалімнің еңбегін ескерсе сауатты ұрпақ көбейер еді.Білімді ұрпақты,болашақты ойлар болсақ мұғалімге жағдай жасау керек

  • Анонимно says:

    Оте дурыс айтылган.шаршаппп кеттим

  • Анонимно says:

    Косыламыз дурыс

  • Анонимно says:

    Жалақының көтерілуіне қосыламын. Мұғалім болып жұмыс жасайтындар ғана түсінеді қандай қиындықтар бар екенін.

  • Дана says:

    Мұғалімдердің жалақысын көтеріп, қағазбастылықтан арылтса ғана, сауатты шәкірттер тәрбиеленіп шығады.

    • Анонимно says:

      Болашағын ойлаған ел ұрпағының жағдайын,ұрпағының тағдыры үшін мұғалімін ойлауы тиіс.Қосыламын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар