Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 21:47

Көрінген жерде жасөспірімдерді жәукемдеп кете беретіндерге өлім жазасын қайтаруды сұраған жұртқа жауап берген Жоғары сот төрағасы жақын күндері ондай өзгеріс болып қалуы мүмкін деді. Мұнымен қатар, Жоғарғы сот төрағасы ай сайын 1 миллион көлемінде жалақы алатынын айтқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

pervoe-rabochee-soveshchanie_0

Фото: blog.sud.kz

“Өлім жазасын қайтару мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Егер өлім жазасынан қорыққаннан осындай істер азаятын болса, мен әрине өлім жазасын қайтаруға келісер едім. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, егер сондай қорытындыға келген жағдайда ондай өзгеріс орын алады деп ойлаймын”, – дейді ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.

Мораторийді алып тастау мәселесі педофилдің қолына түсіп, ақыл-есінен айырылған ақтаулық 6 жасар қыздың оқиғасынан соң қайта-қайта көтеріліп жатыр. Ондай жантүршігерлік жағдай кеше ғана Жезқазғанда да қайталана жаздады. Сұрақтарды қарша боратқан жұрт Қайрат Мәмиге қара қылды ақшаға жарып жүрген әріптестеріне қатысты да шағымданды. Төрелікті тиынға сатып, өзін төмен қаратқан судьялардың барын мойындаған Мәми ондайларды тіке өзіне айтуды сұрады.

Бас судья соларға ашуланамын деп, әріптестерінің қателігін де айтып қалды. Мәселен, атышулы “Әліби ісін” қараған қазы қателесіп, тоқалға таласқан Қайрат Жамалиевтің бар мүлкін мемлекет есебіне тартып алыпты. Кейін іс қайта қаралып, тең жартысы кәсіпкердің келіншегіне қайтарылған. Бір өзі жүздеген бидің үстінен қараған Қайрат Мәми айма ай алатын маңдай тер ақысын да жасырмай айтып берді.

“Жалақым менің құпия емес! 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын. Қолыма 900 мыңнан артық тиеді”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыздар:

Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Бауыржан Байбек айына қанша жалақы алатынын айтты

Алматыда төбелескен жезөкшелерге айыппұл салынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бұл кісіде осы орынға туып отыра салған жоқ қой оқыды жұмыстеді ізденді алға қарай ұмтылды нəтижесінде үлкен жетістікке жетті

  • Жұмбақ жан says:

    Менiн алатын зеинетакым 39000.Жуынды iшiп иттiнде кунi отедi деп текке айтпаган екен дана калкым.сонымен де кун отiп жатыр

  • Жұмбақ жан says:

    Менiн алатын зеинетакым 39000.Жуынды iшiп иттiнде кунi отедi деп текке айтпаган екен дана калкым.

  • Анонимно says:

    өте аз емес пе?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар