Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда студенттер ұрған профессор жоғалып кетті

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушысы – Ағыбай Смағұлов іс-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда студенттер ұрған профессор жоғалып кетті

Бір жыл бұрын профессорды студенттер ұрып, тонап кеткен болатын. Аталған оқиғадан кейін ол қатты жарақат алған. Жоғалғаны туралы ақпаратты жоғалған адамдарды іздеуге көмек беретін қоғам белсендісі Ислам Угушев әлеуметтік желілерде таратты.

Ағыбай Смағұлов үйінен 17 тамыз күні шығып, Алматы облысының Қарасай ауданына қарай бет бұрған. Бүгінгі таңда оның қайда екені беймәлім.

Жоғалған профессордың туыстары барлық қазақстандықтарға оны табуға көмек берулерін сұрайды.

Естеріңізге салсақ, Ағыбай Смағұловты былтыр студенттер ұрып, тонап кеткен болатын. Университет студенттері оның 23 миллион теңгесін қолды қылып, салдарынан профессордың тоғыз қабырғасы сынып, қатты жарақат алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау