Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сот орындаушылар екі отбасының қариялары мен балаларын сүйреп шығарып, үйлерін сүргізді

Ақ жағалылармен айғайласып жүрген бір топ кісінің қайығысы ортақ. Талай жыл пана болған үйлерінің айран-кестеңі шыққан,-деп жазды КТК арнасы.

үйді-құлатты

Ағашы мен қамысы ыржиып қалған үйрін таңертең арнайы техникамен келіп бұзып тастады.  Үйді қиратуға келгендер үлкен-кішіге қарап жатқан жоқ.

«Осылар денсаулығымды құртты. Қарашада бір жаттым ауруханада. Кеше тағы, қысымым көтеріліп кетті.  Мен естіп жатырмын ғой. Саған ақша берем, құрт мына кемпірді деп айтты дәрігерлерге»,-дейді Гүлсара Мұсаева.

Күл-талқаны шығып жатқан үй әсіресе осындағы кішкентайларға ауыр тиді. Қарсыласып, үйін қорғаштағанда таяқ жеп қалған. Көкірегін өксік басқан бала қай бөлмеде ас ішіп, қай жерде асыр салғанын енді тек есінде ғана сақтайды.

«Мына жерде әдемі ойнайтын орындарымыздың бүкілін құртып шықты, бір-ақ сәтте. Мені келіп итеріп, ұрып жатыр. Сүйреп шықты бүкілімізді»,-деп жылады  мектеп оқушысы Мағжан Ақберген.

Қамыстан салынған жер үй осыдан он жыл бұрын тұрғызылған. Үй иесінің айтуынша, содан бері баспанаң заңсыз деп даулап келген ешкім болмапты. Тек бірер күндікте пайда болған қиратушылар еңіреген баланың көз жасына қарамастан 70 шаршы метр үйдің осылай ойран-топанын шығарған.

Екінші үйдің де қабырғалары опырылып, үйіндіге айналған. Ал трактор әкеліп, баспаналарды шетінен түйдіріп жүргендердің қолында соттың шешімі бар. Жұрт жерді заңсыз басып алған дейді олар. Ал ешқандай ескерту айтпады дегенді жоққа шығарды.

«Мамырда заңды түрде хабарлама бергенбіз. Ол жерде аудандық прокурор да барлық мемлекеттік органдар болды. Ол туралы бізде видеоматериал бар түсірілген. Олар ол жерде біздің қағазды ешқашан қабылдамайды, қол қоймайды»,-дейді  жеке сот орындаушысы Қайрат Бейсембаев.

Ал баспанасынан бір күнде айрылған мына жұрттың енді қайтіп күнелтері белгісіз. Шиеттей бала-шағамен далаға қалған олардың соңғы үміті Жоғарғы сотта. Сол жаққа шағым жазып, жерін қайтарып алудың қамына кіріспек.

Оқи отырыңыздар:

Шымкенттік мұғалімдер ЭКСПО-ға жалған билет сатып алған

ОҚО-да зорланған оқушы қызға араша түспеген полицей істі болуда

Ақтөбеде 60-қа жуық садақа жәшігі заңсыз қойылған

Маңғыстауда түлектер мектеп бітіру кешінен бас тартып, науқас қызға көмектесті

Зейнеткер әжей алғаш рет 65 жасында тұрмысқа шықты

Талқылау