Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сауда үйінің 3-қабатынан құлаған сәбидің анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

2 жасар Нұрғисаның анасы қайғылы оқиғаның қалай болғанын өзі айтып берді.

Кадр 31 канала

Нұрғисаның анасы Айнұр Бекбосарованың айтуынша, отбасында 4 баласы бар. 12 қазан күні ол күйеуі екеуі “Март” сауда орталығындағы эскалатордан төмен түспек болады, деп хабарлайды Sputnik.

Айтуынша, өзі қоларбадағы сәбиін ұстап тұрған. Ал, артында күйеуі үлкен баласын көтеріп тұрыпты. Қоларба әлденеге тіреліп қалғандай болады. Сол кезде күйеуі оған көмектеспек болады. Бірақ қолындағы баланы ұстай алмай қалған. Баласы үшінші қабаттан төменге құлап кеткен.

Әйелдің айтуынша, бұл оқиғаға ешкімнің кінәсі жоқ. Баласы ауруханаға ауыр халде жеткен. Қазір баланың жағдайы айтарлықтай жақсарып, үйіне шығаруға жарап қалған.

Тағы да оқыңыз:

Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)

Қырғыз премьері ТМД үкімет басшыларының отырысында Қазақстанды сынап тастады

Анасы Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Талқылау