Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пластикалық отадан кейін көз жұмған әйел ұшақ жолсерігі болып шықты

«Эйр Астана» әуекомпаниясының жолсерігі омырауына ота жасатқаннан кейін қайтыс болды. Кеудеге пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмған 30 жастағы Лаура Ізбасарованың өлімін тексеру үшін оған қызмет көрсеткен Noa Esthetique жекеменшік клиникасы тергеуге жабылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда пластикалық отадан кейін көз жұмған әйел ұшақ жолсерігі болып шықты

«Ия, біз жабылып қалдық. Біз осы жағдайға байланысты жұмыс істемейміз. Қашан ашылатынымыз да белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр»,- дейді NOA Esthetique пластикалық хирургия және косметология клиникасының бас директоры Гүлмира Қобыландина.

Алматыда пластикалық отадан кейін көз жұмған әйел ұшақ жолсерігі болып шықты

Қайтыс болған жолсерік ота жасатқан клиниканың бас директоры Гүлмира Қобыландина.

Клиника басшысының айтуынша, науқаста анафилактикалық шок болған.

«Әңгіме науқастың туыстары кешірді ме, жоқ па онда емес. Бұл организмнің реакциясы. Біз оған лидокаиндік сынау жасадық. Себебі, ерітіндіде лидокаин ғана емес, адреналин, физраствор да бар. Мүмкін соларға әсер берген шығар. Бүгінгі таңда дәл қай дәрі-дәрмектің анафилактикалық шок тудырғаны белгісіз. Әлі нақты мәлімет жоқ», – деп түсіндірді Гүлмира Қобыландина.

Кеудесін көтеру үшін ота жасатып қайтыс болған Лаура Ізбасарова 30 жаста болатын. Ол «Эйр Астана» әуекомпаниясында жолсерік болып жұмыс істеді. Денсаулығына байланысты қиындықтар болғандықтан Ізбасарова ота жасату үшін Noa Esthetique клиникасына жүгінген.

3-қыркүйекте 30 жастағы «Эйр Астана» әуекомпаниясының жолсерігі Лаура Ізбасароваға Дмитрий Писарев есімді хирург ота жасаған.

Алматыда пластикалық отадан кейін көз жұмған әйел ұшақ жолсерігі болып шықты

Отадан кейін көз жұмған Лаура Ізбасарова мен Дана Агамурадоваға ота жасаған дәіргер Дмитрий Писарев.

Қазір оны кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деп айтыптап, соттап жатыр. Ол сондай-ақ, 2016 жылдың қаңтар айының аяғында украиналық азаматша Дана Агамурадоваға пластикалық ота жасаған болатын. Бірақ, пластикалық ота жасатқан науқас отадан 6 сағат өткен соң қайтыс болып кетеді.

«Оның денсаулығы мықты. Ол жолсерік болғандықтан үнемі медициналық тексеруден өтеді. Біз ота алдында талдама алуға міндеттіміз. Сынақ нәтижесі де ойдағыдай болды. Ол дені сау жап-жас әйел»,- деді клиника директоры.

11 қыркүйекте Лаура Ізбасарованың анасы Алматы прокуроры Берік Жұрықтаевқа клиниканы тексеру туралы өтінішпен хат жолдады. Онда ол Дмитрий Писарев жасаған отадан кейін қызының комаға түсіп қалғанын жеткізді.

«Шынында, Лаураның жүрегі 20 минутқа тоқтап қалған. Бұны маған «Номад» медициналық орталығының директоры Гүлмира Қобыландина айтты. Клиникада бұзушылықтар бар. Онда анестезиолог, кеуде маманы жоқ. Оның үстіне отаны ортақ наркозбен жасамаған. Лаура денесінің кесіліп жатқанын көріп, яғни ауырғанын сезіп, есінен танып қалды. Ал Гүлмира Қобыландина бізден кешірім сұраудың орнына Дмитрий Писаревтің кінәсін жасыру үшін бізге қоқан-лоққы көрсетіп, қауіп төндірді», – деген марқұмның анасы Алматы прокуратурасына жазған хатында.

Лаура 8 қазанда орталық мемлекеттік клиникалық ауруханада қайтыс болды. Өлім туралы куәлікте өлімнің себебі анықталмаған энцефалопатия делінген екен.

Ал клиника директоры болса, бұнда хириругтың кінәсі жоқ дейді.

«Мен бұл жерде хирургтың кінәсін көріп тұрған жоқпын. Бұл анафилактикалық реакция болды. Сондай-ақ, Дмитрий Писарев 2016 жылы бізде жұмыс істемеді. Ол бізге 2018 жылы келді. Және Дмитрий Писаревты жұмысқа аларда оның липосакциядан кейін көз жұмған Дана Агамурадованың өліміне қатысты күдікке ілінгенін білмедім. Бұл туралы естігенімде ол маған науқастың майлы эмболиядан көз жұмғанын айтты. Себебі, хирургиялық араласудан (ота) кейін асқынулар болады. Мысалы, анафилактикалық шок, май эмболиясы, жүректің тоқтауы секілді. Қазір Дмитрий Писарев қызметінен кету туралы арыз жазып, жұмыстан шығып кетті. Енді ол бізде жұмыс істемейді»,- деп түсіндірді Ноа Estetique клиникасының басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық әйелдің жеке меншік емханада пластикалық ота жасатып көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау