Алматыда мәслихат депутаттары ұжымдық кештен бас тартып, балаларды қуантты
Қалалық мәслихат депутаттары жаңа жылға арналған ұжымдық кештен бас тартып, оның орнына 150-ден астам балаға мерекелік шырша ұйымдастырды,-деп жазды Алматы арнасы.
Атқамінерлер мұндай идеяны биыл алғаш рет жүзеге асырып отыр. Қалада 37 мәслихат депутаты болса, олар өздеріне тиесілі округтардан тұрмысы әлжуаз отбасында тәрбиеленіп жатқан балдырғандарды іріктеген.
Мерекелік кеште бүлдіршіндер түрлі анимациялық шоуларды тамашалап, ән мен биге қарық болды.
«Маслихаттың депутаттары өзіміздің мереке ретінде корпоративтан бас тартып, осы балаларға мереке жасап жатырмыз. Бұл балалар негізінде біздің округтарда тұратын жағдайы төмен жанұялардан келген балалар. Мақсатымыз – барлық балаларға сондай мереке сыйлау»,-деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Дамир Шыныбекова.
Медеу ауданының бүлдіршіндері де шат-шадыман күй кешті. Аудан әкімдігі балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, тәтті сыйлықтар таратты. Жаңа жылдан ғажайып күтетін бөбектер шараға сүйікті кейіпкерлерінің бейнесінде келіпті. Кештің тұмары саналатын жаңа жылдық шырша жағылып, мереке театрландырылған қойылымдарға ұласты.
«Біз өте ризамыз. Балалар келіп, қойылым көріп қуанып жатыр. Енді біразын алып келе алмай қалдық, балалар сабақта. Сондықтан, кішіректерін жетектеп қойылымды көруге келдік. Бізге көп көмектеседі осы, мерекелердің бәріне ылғи шақыру билеттерін беріп шақыртады»,-деді Көп балалы ата-ана, Шолпан Текесбаева.
Оқи отырыңыз:
Мәдениет министрі Төреғалидің концертінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк төрағасы шетелде бұғатталған 22 млрд долларға қатысты түсініктеме берді
Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді
Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
