Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі Төреғалидің концертінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әнші Төреғали Төреәлінің концертіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Қазір, өкінішке орай, кез келген адам концерт ұйымдастыра алады, әнші өз бетімен концерт қоя береді. Мұндай оқиға орын алған соң, шара қолдануға тиіспіз. Мен көрерменді сыйлау керек деп санаймын”, — деді Мұхамедиұлы мәжіліс отырысынан кейін.

Оның айтуынша, концерт ұйымдастыру заң бойынша реттелмегендіктен осындай мәселе туындап отыр. Министр әлемдік тәжірибені мысалға келтіріп, өзге елдерде концерт қойғысы келген адам, арнайы лицензия алып, барлық жайтқа қатысты жауап беретінін айтып өтті.

“Концерт ұйымдастырумен арнайы ұйым айналысатын болса, сол концертті ұйымдастырған адам жауап береді. Бұған қалай жол берілді, әнші қандай күйде болды? Әртүрлі пікір айтылып жатыр, кейбіреулерге әрекеті оғаш көрініпті. Бірақ менің мақсатым: біртіндеп өркениетті нарыққа қол жеткізу, мұндайға жол бермегеніміз жөн”, — деді министр.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тарап кеткен еді.

Тағы оқыңыз:

Ұлттық банк төрағасы шетелде бұғатталған 22 млрд долларға қатысты түсініктеме берді

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес

Талқылау